jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қабырғасын ойған: Павлодарда банктердің бірінде ұрлық жасалған

    Ұрлық болған банк бөлімшесі
    Ұрлық болған банк бөлімшесі. Фото: NUR.KZ тілшісі

    Бүгін таңертең банктердің бірінің Павлодардағы филиалында ойылған қабырға анықталды. Оқиға орнына полиция шақырылып, қазір ұрлық жасаған күдіктілер іздестірлуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін полицейлер Павлодардағы банктердің бірінің филиалын қоршауға алды. Ол Естай көшесіндегі 40-ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Бұл ретте көпқабатты үйдің жертөлесіне кіруге де тыйым салынған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кеше түн тыныш өткен.

    "Түнде не болғанын полицейлерге айттым. Түнде залда батареядан біртүрлі дыбыстар шықты. Сағат 4-те. Кейін ПИК-ке хабарластым. ПИК сағат 5-те келді, өшірді, сосын бәрі тынышталды", - дейді қала тұрғыны.

    Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар ұрлық фактісі бойынша тергеу басталғанын, қазір бұл іске қатысы барлар іздестіріліп жатқанын хабарлады.

    "11 қараша күні таңғы сағат 9.30-да полицияға банктердің бірінің бөлімшесінің қабырғасын ойғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы барды. Болған жайттың мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.

    Сонымен қатар полиция өкілдері банк бөлімшесінен нақты не ұрланғанын хабарламады.

    Қабырғасын ойған: Павлодарда банктердің бірінде ұрлық жасалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.