jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 20 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды (видео)

    полиция қызметкерлері
    Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 20 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолдағы құқықбұзушылықтарды болдырмау және оны дер кезінде анықтау мақсатында мегаполис жолдарында үздіксіз рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

    Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері көлік терезесін күңгірттеген 19 629 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

    Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік иелерімен дер кезінде әйнектегі күңгірттеу қағазын алып тастау жұмыстары жүргізілді.

    Осы тұста тәртіп сақшылары техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттар талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертті.

    Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 20 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.