jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цех жойылды

    Заңсыз цех
    Заңсыз цех. Фото: polisia.kz

    Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цех жойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Заводская кентінде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және рейдтік іс-шараларды өткізу барысында алтын бар материалды қайта өңдеу бойынша екі шағын цехтың жұмысын анықтады.

    Тергеу іс-шаралары нәтижесінде құқыққорғау органдары жалпы саны алты ұсақтау қондырғысын, жеті электр қозғалтқышын, екі жуу үстелін және құрамында алтыны бар отыз қап тәркіледі. Заңсыз жабдықтарды пайдаланып келген тұлғалар Заводская кенті мен Степногорск қаласының тұрғындары болып шықты.

    Қазіргі уақытта екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қымбат металдардың заңсыз айналымы айтарлықтай ауыр қылмыс болып саналып, ол айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасын қарастырады.

    Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цех жойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.