jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшілері мен мүшелері сотталды

    сот
    Сот. Көрнекі фото: jasqazaq.kz

    Астанада трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшілері мен мүшелеріне қатысты сот процесі өтті. Бұл туралы Астана соттарының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушылар трансұлттық ұйымдасқан топты құрып, оған басшылық ету, қатысу (ҚК 264-бабының 1, 2-бөліктері), қылмыстық топтың құрамында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет аса ірі мөлшерде декларацияланбаған, өткiзуге тыйым салынған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу (ҚК 234-бабы 2-бөлігінің, 1,4,5 ) тармақтары, 234-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы) бойынша Ж., Р., Б., А.-ға қатысты іс қаралды", - делінген хабарламада. 2016 жылы сотталушылар Ж. мен Р. Қазақстан Республикасынан Түркияға бағалы метал – алтынның заңсыз айналымы мен тасымалдау үшін трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық еткен.

    Олар қылмыстық топтың құрамына өздерінің таныстары мен туыстарын, оның ішінде сотталушы Б.-ны тартқан.

    Өз кезегінде Түркия Республикасындағы трансұлттық ұйымдасқан топтың басшысы қылмыстық топқа осы елдің азаматтарын қосқан.

    Топ басшылары өз ниеттерін жүзеге асыру үшін 2020 жылы бағалы метал – алтынды тасымалдау үшін Түркия азаматы А.-ны жеткізуші ретінде пайдаланған.

    Сотталушылар кедендік шекара арқылы кедендік бақылаудан тыс өткізуге тыйым салынған бағалы металдар – алтын мен зергерлік бұйымдарды бірнеше рет заңсыз алып өтіп, контарабандалық тасымал жасаған.

    Салдарынан 2017-2021 жылдар аралығында 19 эпизод бойынша Қазақстан Республикасынан Түркияға заңсыз түрде жалпы құны 5 млрд теңгеге жуық бағаланған салмағы 190 кг-нан жоғары алтын тасымалданған.

    Сотталушылардың кінәсі куәлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және іс материалдарындағы дәлелдермен расталды. Прокурор сотталушылар Ж. мен Р.-ға 11 жыл, Б.-ға 8 жыл, А.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Сотталушылар Ж., Р. және Б. кінәсін мойындамай, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Сотталушы А. кінәсін ішінара мойындады.

    Aуырлататын мән-жайлар анықталмады.

    • Ж. мен Р. ҚК-нің 264-бабының 1-бөлігі және 234-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға түпкілікті 11 жыл мерзімге;
    • Б. ҚК-нің 264-бабының 2-бөлігі және 234-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 8 жыл мерзімге;
    • А. ҚК-нің 234-бабы 2-бөлігінің 1,4,5 ) – тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Астанада трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшілері мен мүшелері сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.