jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Көлігінде оқу гранатасы мен тапанша болған": Қарағанды ​облысының полицейлері желідегі видеоға пікір білдірді

    Ұстау сәті
    Ұстау сәті. Видеодан кадр: instagram.com/newskor.krg

    Қарағанды ​​облысының 22 жастағы тұрғыны көлігінде оқу гранатасы мен пневматикалық тапанша алып жүрген. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде BMW көлігін тоқтату сәті түсірілген видео тарады. Видеодан жүргізуші тінту кезінде полицияға F1 гранатасы мен тапаншаға ұқсас зат бергенін көруге болады.

    Видеода көлікті 24 қарашада Абай аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы аясында тоқтатқаны айтылады.

    Бұл жайтқа Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері түсініктеме берді.

    Ведомство 23-25 ​​қараша аралығында облыста "Құқықтық тәртіп" операциясы жүргізілгенін растады. Тәркіленген граната оқу гранатасы, ал тапанша пневматикалық, деп сендірді ведомство өкілдері.

    "Полиция қызметкерлері 22 жастағы облыс тұрғынының көлігінен практикалық граната мен пневматикалық тапаншаны тәркіледі", - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.