jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда облысында білім басқармасының ауласында бейәдеп сөз айтқан әйел сотта жауап берді

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Қызылорда облысының тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды. Ол білім басқармасының ғимаратында бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Соттың ресми Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сай, Сырдария аудандық сотында азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

    "Құқық бұзушы Ж. қоғамдық орында, яғни білім бөлімінің ғимаратының ауласында азаматша І.-ге былапыт сөйлеп ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға ыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған", - делінген хабарламада.

    Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

    Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 51 688 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

    Қызылорда облысында білім басқармасының ауласында бейәдеп сөз айтқан әйел сотта жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.