jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Шығын – 437 млн теңге": Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған күдіктілер ұсталды (видео)

    Күдіктілерді ұстау сәті
    Күдіктілерді ұстау сәті. Фото: polisia.kz

    Түркістан облысында полицейлер қиыршық тасты заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтады. Олар мемлекетке 437 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Полицейлер Түркістан облысы Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдар тобының әрекетін тоқтатты.

    Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан 4 күдіктіні ұстады. Келтірілген залал 437 миллион теңге болған.

    Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеген.

    ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

    "Шығын – 437 млн теңге": Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған күдіктілер ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.