jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Некесін қидырған күні қаза болған: Ақмола облысының әкімі жас жігіт өлімін тергеу барысы туралы айтты

    Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет
    Полицейдің белдігіндегі кісен. Көрнекі сурет. Фото: Friso Gentsch/picture alliance via Getty Images

    Көкшетауда 22 жастағы жігіт некесін қидырған күні қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде кісі қолынан қаза тапқан еді. Ақмола облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы іс бойынша пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әкімнің айтуынша, қайғылы оқиға марқұмның некеге отырған күні болғандықтан, қоғамда резонанс тудырған.

    Журналистер өңір басшысынан тергеу барысын сұрады – бұған дейін облыс әкімі бұл іс жеке бақылауында екенін мәлімдеген.

    "Кінәлі ұсталды, оның әрекеті "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша сараланды, қазір ол уақытша тергеу изоляторында отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар алты сыбайласы"Бұзақылық" бабы бойынша айыпталуда. Иә, бұл жайсыз оқиға болды, жап-жас жігітті түнде өлтіріп кеткен. Бұл оқиғаға тиісті құқықтық баға беріледі", - деді Марат Ахметжанов.

    Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда некесін қидырған күні 22 жастағы жігіт қаладағы ойын-сауық мекемелердің бірінде кісі қолынан қаза тапқанын жазған едік. Полицейлер тергеуді бастаған.

    Кейін облыс әкімі бұл істі жеке бақылауына алғаны мәлім болды.

    Некесін қидырған күні қаза болған: Ақмола облысының әкімі жас жігіт өлімін тергеу барысы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.