jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында кәсіпорында жұмысшы әйел көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

    Алматы облысының полициясы Байсерке ауылындағы жұмысшы әйелдің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полицияға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Алматы облысындағы Байсерке ауылында болған қайғылы оқиға туралы мәліметті CMN.KZ порталы жариялаған. Басылым мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда кәсіпорындардың бірінің жүгері сақтауға арналған қоймасында болған. 42 жастағы жұмысшы әйелді конвейер бұрғысы тартып әкеткен. Әйел оқиға орнында жан тапсырған.

    "Әйелдің денесін әріптестері конвейерден шығарып алды", - деп жазды басылым.

    Алматы облысы полиция департаменті Telegram-дағы ресми арнасында осы оқиғаға қатысты мәлімет таратты.

    "Полиция қызметкерлері еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді. Соның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция.

    Алматы облысында кәсіпорында жұмысшы әйел көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.