jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс саны өскен

    Жасөспірім бала
    Жасөспірім бала. Көрнекі фото: freepik.com

    Бүгін Шымкент қаласы прокурорының төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Шымкент келбеті" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Отырыс барысында қала прокуроры Ғабит Мұқанов құқыққорғау және уәкілетті органдардың назарын профилактикалық шараларды күшейту, кез келген құқықбұзушылыққа "Нөлдік төзімділік" принципін енгізу керек екенін айтты.

    Өйткені Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту, суицид оқиғаларын төмендету басты назарда. Бала құқығын қорғау, сондай-ақ заңсыз есірткі саудасымен күресу үшін ұйымдастырылған іс-шаралар күн тәртібінен түскен емес.

    Бұл жиында дағдарыс жағдайында жүрген студенттерді дер кезінде анықтау шаралары да сөз болды. Ғабит Мұқанов білім беру ұйымдары мен мекемелеріндегі психологтардың жұмысын қайта қарау керек екенін жеткізді.

    "Биыл тіркелген қылмыс саны төмендегенімен, қоғамдық тыныштықты бұзған қылмыстар өскен. Елдің болашағы жастарда, сондықтан олардың тербиесі мен қауіпсіздігі ерекше назар аударуды талап етеді. Биыл кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қарсы жасалған қылмыстар өскен", - деді қалалық прокуратура басқармасының басшысы Бақытжан Байғозиев.

    Жыл басынан бері мобильдік топтар жүргізген рейд нәтижесінде 5 мыңнан астам кәмелетке толмаған баланың заңды өкіл қарауынсыз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны анықталған. Олардың ата-анасы әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ 600-ден астам бала бейімдеу орталығына орналастырылған.

    Шымкентте кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс саны өскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.