jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Құпия бөлмеде жасырынған: Астанада халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

    Полицейлер күдіктінің қолын қайырып ұстап тұр
    Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ/13462

    Елорда полицейлері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Ол аса ірі көлемде есірткі сатқан деген күдікке ілінген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, Астанада ұсталған 26 жастағы ер адам аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде болған.

    "Тергеу барысында оның есірткі саудасын жасырын орындар арқылы іске асырғаны анықталды.

    Күдікті жеке үйде жасырынған, ал оның арнайы жабдықталған құпия бөлмесіне кіретін есік диванның артында орналасқан", - делінген полиция хабарламасында.

    Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамалды.

    Айта кетейік, Көкшетау қаласында отандық сериалдардан белгілі актер 4,5 мың доза синтетикалық есірткі затын сатпақ болды деген күдікке ілінді.

    Шымкентте 21 жастағы шетелдік азамат "синтетика" таратумен айналысқан деген күдікке ілінді. Оны қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады.

    Құпия бөлмеде жасырынған: Астанада халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.