jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

    Полиция қызметкері
    Полиция. Көрнекі сурет: Polisia.kz

    Алматыда қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталғанын растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сейсенбі күні "Письма Президенту" Telegram-дағы арнада қалалық есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Оған Алматыда синтетикалық есірткі өндіруге көмектесті деген күдік тағылуда.

    Қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оның қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.

    Департамент күдіктінің 2024 жылдың қазан айында кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген соң қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

    "Ол кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша атқаратын лауазымына лайық емес деп танылып, жұмыстан шығарылды. Ішкі істер органдарында жұмыс істеу әрбір қызметкерден жоғары кәсібилікті және адалдықты талап етеді", - деп атап өтті Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі.

    Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

    Алматыда есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.