jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Жазаны жеңілдету үшін 110 млн теңге пара беруге итермелеген": Шымкентте судья тергеуге алынды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Фото: freepik.com

    Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

    Мәселен, Агенттік Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.

    Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда.

    Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    "Жазаны жеңілдету үшін 110 млн теңге пара беруге итермелеген": Шымкентте судья тергеуге алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.