jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында полицейлер 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

    10 жыл бойы қашқан сотталушы
    Айыпталушыны ұстау. Фото: Түркістан облысы ПД

    Түркістан облысының криминалдық полиция басқармасы 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, күдіктіге атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген айып тағылған. Қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, сондықтан оған іздеу жарияланған болатын.

    Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

    Бұған дейін Швециядан Қазақстанға аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікті экстрадицияланғанын жазған болатынбыз. Ол 2015–2020 жылы Шымкенттегі сауда орталығында жұмыс істеп жүріп, өзіне сеніп тапсырылған 57 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

    Түркістан облысында полицейлер 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.