Оқыс оқиға

Зектілері

Мектептегі буллинг: Ақтөбе облысының әкімі өңірде оқушы өлімінен кейін не өзгергенін мәлім етті

Жарияланған күні:

Жасөспірім бала
Жасөспірім бала. Көрнекі фото: freepik.com

Ақтөбе қаласында болған қайғылы оқиғалардан кейін буллингтың алдын алу мақсатында балаларға психологиялық көмек көрсететін орталық жұмысын бастаған. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Портал тілшісі Ақтөбе облысының әкіміне өңірдегі буллинг мәселесі прокуратураның бақылауына алынғаннан кейін қандай өзгеріс болғаны туралы сауал жолдады. Асхат Шахаров бұл мәселе Ақтөбеде өзекті екенін атап өтіп, осыған байланысты жасөспірімдерге психологиялық көмек беретін орталықтың жұмысын бастағанын мәлім етті.

"Буллинг, кибербуллинг мәселесін шешу – бір күндік жұмыс емес. Ол біздің қоғамымызға енген дерт. Бір кездері мектептердегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың жұмысы тоқтап қалды. Ол жұмыс қайта жандандырылып жатыр. Жаңа жылда қаражат қарастырып, әр мектепке инспектор қоямыз. Сондай-ақ кешенді жоспар жасақталды. Соның аясында JAN AHUAL психологиялық қолдау орталығы құрылды. Бұл мәселені бақылауда ұстау қажет", - деп жауап берді әкім.

Айта кетейік, қыркүйекте Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушылары арасындағы жанжалдан кейін 14 жастағы бала қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2200430-mekteptegi-bulling-aqtobe-oblysynyng-akimi-ongirde-oqushy-oliminen-keiin-ne-ozgergenin-malim-etti/