jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алдағы үш күнде Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

    Полицейлер
    Полицейлер. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ақпараттың медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.

    Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді.

    Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.

    Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.