jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Талғарда көшеде пышақпен жүгірген ер адам видеоға түсіп қалды

    Қолында пышағы бар ер адам
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

    Желіде Талғарда ер адамның басқа бір адамның артынан пышақпен жүгірген видеосы пайда болды. Жағдайға қатысты полиция пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видео Instagram-дағы Info_Talgar парақшасында пайда болды. Көлік ішінде түсірілген видеода екі ер адам көрсетілген. Біреу қашып бара жатса, екіншісі оны қуып жетуге тырысқан. Ал ер адамның қолында пышаққа ұқсас зат болған.

    Шабуыл жасамақ болған ер адамды әйел адам тоқтатуға тырысқан. Жазбада оқиға бүгін түнде, сағат 03:55-те болғаны айтылған.

    Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

    Осыған байланысты NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне пікір алу үшін сауал жолдады.

    "Аталған факт бойынша полицияға шағым түскен жоқ. Дегенмен дерек Талғар аудандық полициясында тіркелді. Қазіргі уақытта болған жайтқа қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Алматы облыстық ПД хабарында.

    Талғарда көшеде пышақпен жүгірген ер адам видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.