jitsu gif
Оқыс оқиға

    Атырау облысында Жайықтан 23 жастағы қыздың денесін іздеу жұмыстары қайта басталды

    Іздеу жұмыстары басталды
    Құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастады. Фото: Атырау облыстық ТЖД

    Атырау тұрғыны 18 қазанда жоғалып кеткен болатын. Полиция департаменті 23 қазанда таңертең қыздың өлтіріліп, денесі Жайыққа лақтырылғанын хабарлады. Желтоқсан айының басында 23 жастағы қыздың денесін іздеу жұмыстры аяздың күшеюіне байланысты тоқтатылған болатын. Облыстық ТЖД қыздың денесін іздеу жұмыстары қайта басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

    Басылым мәліметінше, күдіктілер ұсталып, 24 және 25 жастағы екі ер адам кінәсін мойындады. Қала тұрғынының жоғалып кетуіне байланысты "Адам ұрлау" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "22 қазанда өзенде және жағалау аймағында мәйіт болуы мүмкін жерде іздеу жұмыстары басталды. 5 желтоқсанда іздеу жұмыстары аяқталды. Атырау облысы ТЖД жаңа мәліметі бойынша 15 желтоқсанда іздеу жұмыстары қайта басталған", - делінген хабарда.

    Үйлестіру және бақылау мақсатында ТЖД бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Дидар Қажкеновтың және жергілікті департамент бастығының орынбасары, подполковник Рәтбек Демеубергеннің жетекшілігімен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Іздестіру жұмыстарына 36 құтқарушы, бір кинология тобы, алты техника, екі су көлігі мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған. Іздестіру шарасы аясында жағалаулар мұқият тексеріліп, Жайық өзенінің түбі сүзгіден өткізілуде. Сонымен қатар түбін егжей-тегжейлі зерделеу үшін құтқарушылар суға сүңгіп, жаңғырық дыбысын қолданады. Іздеу орнына жоғалған қыздың анасы шақырылды.

    Қыздың анасы Галина Легкодимованың айтуынша, ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған. Осыдан кейін іздеу жұмыстары қайта басталып, процесті қадағалауға ТЖМ басшылығы келген.

    Айта кетейік, Атырауда 23 жастағы бойжеткенге іздеу жарияланып, полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға қатысты күдіктілерді қамауға алған еді.

    Желтоқсан айының басында Атырау облысында 23 жастағы қыздың денесін іздеу 44 күнге созылып, аяздың күшеюіне байланысты тоқтатылған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.