jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

    Полиция қызметкерлерінің күдіктіні ұстау сәті
    Ұсталған күдікті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші – Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген", - делінген хабарламада.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін жасырып, халықаралық іздеу жарияланған болатын.

    Осы жылдың сәуірінде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

    Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

    Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстанның Қылмыстық кодексі бойынша күдіктіге мүлкін тәркілеу және 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.