jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте Telegram арқылы есірткі заттарын сатқандар 10 жылға сотталды

    Судья үкім оқып тұр
    Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкентте Telegram арқылы есірткі заттарын сатқандар 10 жылға сотталды. Бұл туралы Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, сот екі азаматты аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп тапқан.

    Сотталушылар 2024 жылдың ақпанында бейтаныс тұлғамен Telegram арқылы мефедрон сату туралы келісім жасаған. Олар "Қайтпас-1" ықшамауданында есірткі сату кезінде ұсталған.

    Сотталушылардан 9,475 грамм есірткі заты тәркіленді. Айыпталушылардың кінәсі тінту хаттамалары, мойындау айғақтары, куәгерлердің айғақтары мен сараптамалары арқылы расталды.

    Сот олардың әрқайсысын 10 жылға соттады. Үкім заңды күшіне енді.

    Шымкентте Telegram арқылы есірткі заттарын сатқандар 10 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.