jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Заң бойынша жазаланады": Қостанай облысының әкімі фельдшерге жасалған шабуыл жөнінде пікір білдірді

    Құмар Ақсақалов
    Фото: ortcom.kz

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанайда фельдшерге жасалған шабуылға пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Өкінішке қарай, бұл оқиға болды. Қазір тергеу жүріп жатыр, әрине, олар заң бойынша жазаланады", - деп сендірді Құмар Ақсақалов.

    Осы орайда журналистер "Өңірдегі дәрігерлерге видеожетондар сатып алына ма?" деп сұрады.

    "Видеожетондарға келсек, ол алдымен қарастырылуы керек. Облыстың бір өзі мұны істей алмаса керек. Республика бойынша мұндай шешім шығарылса, әрине болады. Қарағанды облысында да жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалды, бірақ біздің ойымызша, дәрігерлердің қауіпсіздігі 100 пайыз қамтамасыз етілуі қажет. Видеожетондар немесе басқа да нәрселер сөзсіз болуы керек", - деп түйіндеді сөзін облыс басшысы.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында Қостанайда жедел жәрдем бригадасының бір фельдшері қайтыс болған әйелдің туыстары жабылып ұрғанын мәлімдеген.

    Биыл жазда денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратура дәрігерлерге күш көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу үшін заң жобасын әзірлеп жатқанын хабарлаған.

    Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанайда жедел жәрдем бригадасы фельдшеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірген болатын.

    "Заң бойынша жазаланады": Қостанай облысының әкімі фельдшерге жасалған шабуыл жөнінде пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.