jitsu gif
Оқыс оқиға

    "947 млн теңге жымқырған": Дубайда Қазақстан азаматы ұсталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Компанияның қомақты ақшасын иемденді деген күдікті қазақстандық Дубайда ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Полиция мәліметінше, Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

    "2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған", - делінген хабарда.

    Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

    "947 млн теңге жымқырған": Дубайда Қазақстан азаматы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.