jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтауда отбасылық жанжалдың соңы жаппай төбелеске ұласты (видео)

    Жаппай төбелес
    Жаппай төбелес. Видеодан кадр: instagram.com/cenzura_aktau

    Желіде Ақтаудағы 20-ықшамауданда болған жаппай төбелестің видеосы пайда жарияланды. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz.

    Төбелестің видеосы Instagram-дағы cenzura_aktau парақшасында жарияланды. Жанжалға қатысушылар көлікті тепкілеп, кейін оқиға орнынан кетіп бара жатқан көлікті қуған.

    Төбелес 20-шы шағын ауданда болған.

    Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталғанын хабарлады.

    "Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

    Ведомство өкілдері төбелеске отбасылық жанжал себеп болғанын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram