jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Донер таситын жігіт қыз-келіншектерге интимдік хаттар жазған": қылмыстық іс қозғалды

    курьер
    Көрнекі фото: Азаттық рухы

    Атырауда тамақ жеткізумен айналысатын жігіт қыз-келіншектерге, жасөспірімдерге интимдік сипаттағы фотолар мен хаттар жолдаған. Кәмелетке толмаған қыздардың бірінің анасы полицияға арыз жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Атыраулық донер таситын жігіт ватсап арқылы тапсырыс берген қыз-келіншектердің фотосын өзіне жүктеп, оларға интимдік фотолар мен хаттар жолдайтын көрінеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Рүстем Баязиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Блогердің айтуынша, жігіт қыз-келіншектерді ватсап арқылы мазасын алуды бұрыннан әдетке айналдырған. Кәмелетке толмаған қыздардың бірінің де мазасын алып, ол әбден қорқып қалған көрінеді. Қыздың анасы полицияға шағымданған.

    "Донер жасайтын жігіт мектеп оқушысына интимдік хаттар жазып, кездескісі келетінін айтқан. Оның нөмірін қара тізімге жіберсе де, басқа әлеуметтік желіден тауып алып, артынан қалмаған. Осы постты шығарғаннан кейін маған бірнеше қыз-келіншектер жазып, осыған ұқсас жағдайлар болғанын айтты. Олардың барлығы бүгінгі күні полицияға арызданды",- дейді Рүстем Баязиев.

    Атырау облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Полиция 25 жастағы күдіктіні ұстаған.

    "Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ляззат САЛИМОВА

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.