jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада "дубай шоколадын" алдап сатқан күдікті үш жылға сотталды

    Трендтегі Дубай шоколады. Көрнекі сурет
    Трендтегі Дубай шоколады. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданааралық соты "дубай шоколадын" алдап сатқан А. есімді азаматты үш жылға соттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана соттары таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

    Сот мәліметінше, А. есімді күдіктіге бірнеше рет алаяқтық әрекет жасадыдеген айып тағылған. Ол 10 жәбірленушіге "дубай шоколадын" жалпы сомасы 301 020 теңгеге сатқан.

    "Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді", - деп хабарлады Астана соттары.

    Прокурор соттан айыпталушыны 3 жыл 6 айға соттауды сұраса, оның адвокаты қорғауындағы азаматты босатуды өтінген.

    Сот айыпталушының жасаған ісіне өкінетінін, алаяқтық әрекетінен келген зиянды өтегенін ескере отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

    Астанада "дубай шоколадын" алдап сатқан күдікті үш жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.