jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру әрекеті әшереленді

    Ақша мен кісен
    Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды – "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" директорын күзетпен ұстау шарасы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақтөбе қалалық прокуратурасы "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы"  КММ-і директорының бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

    "КММ директоры қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.  

    Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

    Қалалық прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.