jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жедел жәрдем көлігіне кілем тиеген: видеоға Астана денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

    Жедел жәрдем көлігіне кілем тиеліп жатыр
    Жедел жәрдем көлігіне кілем тиеліп жатыр. Видеодн кадр: t.me/zhalobyastana

    Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жедел жәрдем көлігіне кілем тиеп жатқанын көрсететін видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Видео Telegram-дағы "Жалобы Астана" арнасында жарияланды. Кадрда екі ер адамның жедел жәрдем көлігіне кілем тиеп жатқаны көрсетілген.

    Видео сипаттамада кадрлар Астананың орталық базарында түсірілгені жазылған.

    "Міне, халқым, біз күтетін жедел жәрдем қайда жүргенін қараңыздар. Бұл енді сұмдық", - делінген жазбада.

    Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне болған жайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілдері видеоға түсірілген көлік "Қалалық психикалық денсаулық орталығындағы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансында екенін айтты.

    "Жүргізуші шаруашылық басқармасы басшысының тапсырмасымен Орталық базар аумағына бұрын балалар бөліміне сатып алынған тұрмыстық заттарды (кілемдерді) тиеу үшін барды", - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

    Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оның барысында қызметтік көліктерді пайдалануға жол берілмейтіні анықталды.

    "Жүргізуші мен шаруашылық басқармасы басшысы қатаң сөгіс беріліп, тәртіптік шаралар қолданылып, профилактикалық әңгімелер де жүргізілді", - деді ведомстводағылар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.