jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы полицей өлімі: желіде жанжал қалай басталғаны түсірілген видео тарады

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/kozachkow

    Telegram желісіндегі арналардың бірінде полиция қызметкері мен Алматыдағы мекемелердің біріне келушінің арасындағы кикілжің қалай басталғаны түсірілген видео жарияланды. Полицейлер бұл видеоның оқиғаға қатысы барын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында видео жарияланды, видеоның сипаттамасында кадрда полиция қызметкері қатысқан жанжалдың басы көрсетілген. Бейнежазбада 41 жастағы күдікті қасында отырған қызды қылғындырып, қолынан жұлқылағаны көрсетілген.

    "Полиция қызметкері араласып, агрессия көрсеткен ер адамды алып кетті, кейін олар сыртқа шыққан. Төбелес соңы кісі өлімімен аяқталды", - делінген видеоға берілген сипаттамада.

    Сондай-ақ Telegram-дағы осы арнада тағы бір видео жарияланды. Видеода күдіктінің "мейрамхананың алдындағы төбелестен кейін сөмкесін алу үшін бөлмеге жүгіріп кіріп, оның ішінен бір затты шығарғаны" көрсетілген.

    "Ол пышақ болуы мүмкін, ол осы затпен көшеге шыққан", - деп жазылған.

    NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, бұл видеоның 11 қаңтарға қараған түні болған полицей қаза тапқан жанжалға қатысы бар-жоғын сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі видеоның рас екенін және видеода дәл сол жағдай көрсетілгенін растады.

    Алматыдағы полицей өлімі: желіде жанжал қалай басталғаны түсірілген видео тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.