jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Маңғыстаумұнайгазға" 32 млрд теңге айыппұл салынды

    Мұнай бұрғылау
    Мұнай бұрғылау. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтауға байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады. Компанияға 32 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жсап хабарлйды.

    Қадағалау органы мәліметінше, прокурорлар қолданған шаралардың нәтижесінде, соттың 2024 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

    "Сот актісі заңды күшіне енді. Сондай-ақ мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды", - делінген хабарламада.

    Бұл факт бойынша 2024 жылғы 11 желтоқсанда компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.

    Еске салайық, Қазақстан облыстарының біріндегі жөнделмеген жол үшін "ҚазАвтоЖолға" айыппұл салынған болатын.

    Сонымен қатар 2024 жылы Орал қаласы әкіміне ірі сомада айыппұл салынған еді.

    "Маңғыстаумұнайгазға" 32 млрд теңге айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.