jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Полицейлер Астана вокзалында баласын тастап кеткен әйелді тапты

    Ренжулі бала
    Ренжулі бала. Фото: freepik.com

    Қаңтар айының басында ескі Астана вокзалының ғимаратында 3-4 жастағы бала жалғыз қалдырып кеткен. Бүгін, 13 қаңтарда Көліктегі полиция департаменті баланың анасы табылып, полицияға жеткізілгенін хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еске сала кетейік, тастанды бала туралы ақпарат интернетте 5 қаңтарда пайда болды. Сағат 18:00 шамасында 3-4 жастағы баласын ескі теміржол вокзалына тастап кеткен әйел іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

    Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Астана станциясындағы желілік полиция бөлімшесі кәмелетке толмаған баланы қауіп-қатерге ұшырату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    Бүгін полиция қызметкерлері баланы анасы табылғанын хабарлады.

    "Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысы бойынша Астана станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрған станцияда қалдырылған баланың анасын анықтап, полицияға жеткізді.

    Қазіргі уақытта жас баланы қауіпте қалдыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

    Бала Астана әкімдігінің қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді", - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ведомство өкілдері ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.

    Полицейлер Астана вокзалында баласын тастап кеткен әйелді тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.