Оқыс оқиға

Зектілері

Күдікті ұсталды: Ақтөбеде белгісіз біреу адамдарды кепілге алған (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақтөбе
Оқиға орнынан кадр. Скриншот: instagram.com/aktobe_live

14 қаңтарға қараған түні әлеуметтік желіде Ақтөбедегі үйлердің біріне белгісіз біреу кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция бұл деректерге қатысты түсініктеме берді.

Instagram-пабликтерде бойжеткен кепілге алынғаны туралы хабарламалар пайда болды.

Облыстық полиция департаменті "Диапазон" басылымына адамның кепілге алынғаны туралы ақпаратты растады.

"102-ге белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, бойжеткенді кепілге алғаны туралы хабарлама келіп түсті, барлық төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жетіп, аумақ қоршауға алынды.

Оқиға орнына полиция бөлімінің басшысы мен қала прокуроры келіп, келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Кейін Ақтөбе облысы ПД-нің Instagram желісіндегі парақшасында тың ақпарат пайда болды. Белгілі болғандай, кепілге үш адам алынған - бойжеткен мен оның ата-анасы. Олардың барлығы босатылды.

"Кепілге алынғандарды босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді", - деді полицейлер.

Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2211264-aqtobede-belgisiz-bireu-adamdardy-kepilge-aldy-foto-video/