jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елде заңсыз сыйақы беру қылмыс болып саналмақ

    Ақша санап отырған кассир
    Кассир 10 мыңдықтарды санап отыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы аясында Қазақстанда заңсыз сыйақы бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қарастырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

    Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 247-бабы (Заңсыз сыйақы алу) бойынша істі тиімді анықтау үшін Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде пайдаланылған жедел-іздестіру қызметінің барлық арсеналы пайдаланылуға тиіс. Осы мақсатта бопсалау белгілері мен аса ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алу жағдайларын анықтау үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатымен "Жедел-іздестіру қызметі туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.

    Сондай-ақ Қылмыстық кодекс жаңа 247-1-баппен толықтырылып, заңсыз сыйақы бергені үшін жауапкершілік қарастырылады. Бұл тек алғандарды ғана емес, заңсыз сыйақы бергендерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке заңсыз сыйақы алу және беру фактілері бойынша Ішкі істер министрлігіне тең дәрежеде тергеу жүргізу құқығы беріледі.

    Елде заңсыз сыйақы беру қылмыс болып саналмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.