jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    FlyArystan қызметкеріне қол көтерді делінген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Fly Arystan ұшағы
    Fly Arystan ұшағы. Көрнекі фото: flyarystan.ru

    FlyArystan әуе компаниясының жолаушы қызметкерге шабуыл жасады деген мәлімдемесінен кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін FlyArystan баспасөз қызметі рейс жолаушысы әуе компаниясының қызметкеріне шабуыл жасағанын хабарлады. Аталған жайт бойынша қылмыстық істің қозғалды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

    "Алматы әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Астана рейсіне кешігіп, тіркеу үстелінде тұрған супервайзерге қол көтеріп, оның ұялы телефонын еденге лақтырып жіберген Астана тұрғынын ұстады.

    Бұл дерек бойынша денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге рұқсат етілмейді", - делінген хабарламада.

    FlyArystan қызметкеріне қол көтерді делінген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.