jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда танымал сатиралық пабликтің әкімшісі қамауға алынды

    Телефон ұстаған ер адам
    Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматыда Instagram желісіндегі QazNews24 танымал сатиралық паблигінің әкімшісі ұсталды. Ол ұлтараздық тудырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қалалық полицияның Тергеу басқармасы әлеуметтік желіде жазба жариялау арқылы ұлтаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

    "Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, Instagram желісінде 51 мыңнан астам жазылушысы бар QazNews24 паблигі сатиралық бағыттағы жазбалар жариялайды. Оның желідегі профилінде:

    "Qaznews24 - сатиралық жаңалықтар тарататын ақпарат агенттігі", - делінген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.