"Туыстарына шабуыл жасаған": 21 жастағы Астана тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде компьютерлік ойын ойнағаны үшін туыстарымен ренжіскен астаналық тұрғын оларға пышақпен шабуыл жасады деген ақпарат тарап жатыр. Аталған жайтқа полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл ақпарат Instagram желісіндегі astana_sergek паблигінде жарияланды.
"17 қаңтар күні сағат 04:00-де, алдын ала дерек бойынша 21 жастағы астаналық ойын ойнаған және оның телефонын алып алған (туыстары - ред.ескертпесі). Ашуын ауыздықтай алмаған ол туыстарын бауыздап тастаған. Бұл жайт туыстарының барлығы ұйықтап жатқанда болған. Ол өзінің жақындарына тап берген. Салдарынан 1997 жылы туған ағасы көз жұмып, отбасының басқа мүшелері ауыр халде ауруханаға жеткізілген", - делінген жазбада.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламаға пікір білдіріп, ақпаратты растады.
"Күдікті, 21 жастағы елорда тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректер бойынша оқиғаға оған туыстары айтқан сын себеп болған. Мән-жайлар анықталып жатыр", - деп пікір білдірді полиция өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2212959-tuystaryn-bauyzdap-tastagan-21-zhastagy-astana-turgyny-kisi-oltirdi-degen-kudikpen-ustaldy/