jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Полиция Атыраудағы балабақшада видеоға түсіп қалған жайтқа қатысты іс қозғады

    Балабақша
    Балабақша. Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде Атыраудағы балабақшалардың бірінде түсірілген видео тарады - кадрда тәрбиешінің баланы теуіп жатқанын көруге болады. Полиция іс қозғалғанын хабарлады.

    "Ақ Жайық" басылымының жазуынша, видео жекеменшік балабақшадағы дайындық тобында түсірілген.

    Атырау облыстық полиция департаменті өкілдері журналистерге бұл факт бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

    "Оқиға 15 қаңтарда Атыраудағы шағын ауданында балабақшалардың бірінде болды, қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

    Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер басылымға оқиғаның болғанын растады.

    Балабақша басшылығы AtyrauPress басылымына тәрбиешінің жұмыстан босатылғанын мәлім еткен.

    Полиция Атыраудағы балабақшада видеоға түсіп қалған жайтқа қатысты іс қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.