jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Екі бұғанасы бірдей сынған: Павлодарда өгей әкесі 2 жасар қызды ұрды деген күдікпен ұсталды

    Аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: depositphotos.com

    Анасы қызын ауруханаға алғаш әкелгенде төсектен құлап қалды деп хабарлаған. Алайда бір тәуліктен соң ол дәрігерлерден баласының көгерген жерлерін түсіріп, тіркеуді сұраған, деп хабарлайды Қазақпарат.

    Облыстық балалар ауруханасына денесінде жарақаты бар 2 жасар қыз бала түскен. Анасы баласының арқасы ауырып тұр деп айтқан. Дәрігерлер тексере келе жеткіншектің екі бұғанасы бірдей сынғанын анықтады.

    "Рентгенге түсіргенімізде қыздың екі бұғанасы да сынғаны белгілі болды, бірақ бұғанасы орнынан шықпаған. Бұған қоса маңдайында бұрын көгерген жері байқалды. Анасынан сұрағанымда, ойнап жүріп ауыртып алды деп жауап берді. Көп балалар жүре бастағанда құлап, соғылып, денелерін көгертіп жататын жағдайлар жиі кездеседі", - дейді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Сергей Самец.

    Бір тәуліктен соң анасы ауруханаға қайта келіп, дәрігерлерден қызының көгерген жерлерін түсіріп, тіркеуді өтінген. Белгілі болғандай, балаға әлгі жарақаттарды үйінде бірге тұратын өгей әкесі салған. Ол қызды қатты ұрып жіберген. Салдарынан жеткіншектің бұғаналары сынған.

    "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласындағы уақытша қамау орнына орналастырылды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Қазір екі жасар қыз амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалады.

    Екі бұғанасы бірдей сынған: Павлодарда өгей әкесі 2 жасар қызды ұрды деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.