jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда екі блогер мен кәсіпкер адам бопсалады деген күдікпен ұсталды (видео)

    ұстау сәті
    Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department/

    Алматы полиция департаментінің қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Олар әлеуметтік желіге жәбірленушіге қатысты компромат жариялаймыз деп 8 млн теңге бопсалаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы қаласы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында күдіктілерді ұстау сәтінде түсірілген видео жарияланды.

    ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, блогерлер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсету арқылы 8 млн теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндетті болған 20 млн теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

    "Күдіктілер 10 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодекстің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.