jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Павлодарда мектеп оқушысын зорлаған тұрғын өмір бойына сотталды

    Түрме
    Түрме. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Павлодар тұрғыны кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Павлодар соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Павлодар соттары Telegram-дағы ресми арнасында Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкімді жария етті. Іс жабық сот отырысында қаралған.

    "Кәмелетке толмаған адамды күш қолдану арқылы психотроптық заттардың тектестерін тұтынуға көндiру (ҚК 299-б. 3-б. 1), 2) т.), жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау (ҚК 121-б. 4-б.) бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.️

    Сотталушының кінәсі жас бала жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

    Сотталушы жасаған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру жазасын, ал ҚК-нің 121-б. 4-б. бойынша – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана көздейді. Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.