jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Алматыда күдікті тергеу абақтысынан қашып кетті": ҚАЖК өкілдері желідегі ақпаратқа қатысты түсінік берді

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: Darrin Klimek/Getty Images

    Желіде Алматыдағы тергеу абақтысында қамауда отырған адам қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Күдіктінің қашып кеткені туралы Telegram-дағы Egov.press арнасы жазды.

    "Алматының тергеу изоляторынан ұрлық жасады деген күдікпен тергеу аясында тұтқынға алынған күдікті қашуға әрекет жасады. Қабылданған шаралардың арқасында жедел ұсталды", - деп мәлім етті KAZ.NUR.KZ тілшісіне ҚАЖК өкілі.

    Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ қызметтік тексеріс басталды.

    Еске сала кетсек, былтыр қазан айында Алматы облысы Талғар қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан зорлық жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат қашып кеткен еді.

    Бірнеше күннен кейін жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тереңқара ауылының шетінде уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды.

    Кейін Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторының басшысы қызметінен босатылды. Тергеу абақтысынан күдікті қашып кеткені үшін тағы 11 қызметкер жазаға тартылды.

    "Алматыда күдікті тергеу абақтысынан қашып кетті": ҚАЖК өкілдері желідегі ақпаратқа қатысты түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.