jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Комаға түсті": Атырауда прокуратура мен МКД қызметкерлерінің төбелесіне қатысты тың ақпарат пайда болды

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Атырауда прокуратура мен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері арасында төбелес болғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты Бас көлік прокуратурасы мен полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram арналардың бірінде 28 қаңтарда Атыраудағы мекемелердің бірінде мемлекеттік қызметкерлер – мас күйде болған көлік прокуратурасының қызметкерлері мен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы арасында жанжал туындағаны туралы ақпарат тарады.

    "Түн ортасы шамасында мас күйде туындаған ұрыс соңы төбелеске ұласып, төбелес барысында МКД басшысының орынбасары басынан соққы алды. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр - ер адам комаға түскен", - делінген жазбада.

    Бұл оқиғаға қатысты Бас көлік прокуратурасы түсініктеме берді.

    "Атырау облысы бойынша полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайды, оның ішінде прокуратура қызметкерлерінің қатысты болуына қатысты деректерді анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

    Атырау облысының полиция департаменті төбелес болғанын растады.

    "Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексі 106-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    "Комаға түсті": Атырауда прокуратура мен МКД қызметкерлерінің төбелесіне қатысты тың ақпарат пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.