jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Полиция: Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

    нәресте
    Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ға сілтеме жасап.

    Құзырлы органның мәліметінше, 30 қаңтарда жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған.

    Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне бір-екі сағат ғана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылған.

    "Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

    Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Полиция: Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.