jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

    қару-жарақ
    Тәркіленген қару-жарақ. Фото: ҰҚК ресми сайты

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тауып тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

    Нәтижесінде 8 "Калашников" автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.

    Көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.

    Ведомстводағылар аталған фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтады.

    Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.