jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бүгін сотта Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс қаралады

    Сот залы
    Сот залы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс сотқа жолданды, ол бүгін қаралады. Іс 31 қаңтарда қаралуға тиіс болған, алайда 3 ақпанға шегерілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жоғарғы Сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланған материалдарға сәйкес, Алмас Бексейітұлы Кішкенбаевқа қатысты іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған.

    "2024 жылғы 31 қаңтарда жәбірленушінің, яғни, кәмелетке толмағанның заңды өкілінің іспен танысуына байланысты қарауды басқа күнге шегеру туралы ауызша өтініші бойынша істі қарау мүмкін болмады", - делінген құжатта.

    Істі әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды.

    Сот отырысы бүгін сағат 17:20-да өтеді.

    Айта кетейік, Қазақстанда Алмас Кішкенбаев есімімен танымал әнші бар. Ол "SuperStar.KZ" шоуына қатысқаннан кейін көпке мәлім болды.

    Бүгін сотта Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс қаралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.