Оқыс оқиға

Зектілері

Енді Қазақстанда мал ұрлағандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін (видео)

Жарияланған күні:

Қой отары
Ұсақ мал. Көрнекі фото: pexels.com

Енді елімізде мал ұрлағандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Сондай-ақ қайталанған ұрлықтар мен тұрғынжайға заңсыз кіру арқылы жасалған қылмыстар үшін жаза күшейтіледі. Бұл оларды ауыр қылмыстар санатына жатқызуға мүмкіндік береді және мал ұрыларының жәбірленушімен татуласу арқылы жауапкершіліктен құтылуына жол берілмейді.

"Алдын алудың тиімді әдістерінің бірі ол әрине жедел профилактикалық шараларын тұрақты жүргізу. Оларға полиция қызметкерлері, ветеринариялық бақылау мамандары және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысады", - дейді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2217701-endi-qazaqstanda-mal-urlagandar-12-zhylga-deiin-sottaluy-mumkin-video/