Оқыс оқиға

Зектілері

Ақтауда балабақша есепшісі 9 млн теңгені өз шотына заңсыз аударып алған

Жарияланған күні:

Есепші
Құжат толтырып отырған есепші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтау қаласында балабақша есепшісі мемлекет бюджетінен 9 млн теңгені өз шотына аударып алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, Ақтау қаласының прокуратурасы балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталды.

Талдау барысында №39 "Хиуаз бөбекжай" балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шотына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталған.

"Көрсетілген дерек бойынша сот есепшіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен үкім шығарып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2218511-aqtauda-balabaqsha-esepshisi-9-mln-tenggeni-oz-shotyna-zangsyz-audaryp-algan/