Алаяқтық жасады деген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды (видео)
Жарияланған күні:

Бас прокуратура 88 адамның ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деген күдікті қазақстандықты Грузиядан экстрадициялады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Грузиядағы елшілігінің көмегімен бірнеше рет алаяқтық жасады деген Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тбилисиден экстрадициялады.
"2020 жылы аталған тұлға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен субсидия алуға көмек көрсету сылтауымен Ұлытау облысының 88 тұрғынының қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 млн теңгеден астам шығын келтірген.
Екі сыбайласы әр түрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып жүрген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.
2024 жылы ол Грузия аумағынан анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланды", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынған.
Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2218695-alaiaqtyq-zhasady-degen-qazaqstan-azamaty-gruziiadan-ekstraditsiialandy-video/