Ақтау тұрғыны такси қызметімен заңсыз айналысқаны үшін айыппұл арқалады
Жарияланған күні:

Ақтау тұрғыны такси қызметін ұсынып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 40 мың теңгеге жуық айыппұл арқалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облыстық соттарының хабарлауынша, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Ж. қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігімен іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, жүргізуші Ж. 24 желтоқсан 2024 жылы 21 сағат 40 минутта Ақтау қаласы 13 шағын аудан 52 а үйге қарсы тас жолда "Volkswagen Jetta1 көлігімен уәкілетті органда кәсіпкер ретінде тіркелмей, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен, яғни көлік құралымен жолаушыны ақылы тасымалдаумен айналысқан.
Сот жаза қолданғанда оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, ал ауырлататын мән-жайлардың жоқ екендігін ескерген.
"Сот қаулысымен Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 38 766 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған", - делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2218802-aqtau-turgyny-taksi-qyzmetimen-zangsyz-ainalysqany-ushin-aiyppul-arqalady/