jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жүздеген SIM-карта тәркіленді: ІІМ өкілдері алаяқтар желісін жойғанын мәлімдеді

    sim-карта
    Видеодан кадр: polisia.kz

    Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернет-алаяқтардың сыбайластарымен белсенді күрес жүргізіп жатыр. Полицейлер алаяқтықпен айналысатындардан жүздеген sim-карта тәркілеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі.

    "Заңсыз іс-әрекеті үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

    Оған қоса Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.