Қостанай облысында мұғалімдерге іссапар шығындары мен зейнет жасына жеткенде берілетін өтемақы төленбеген
Жарияланған күні:

Қостанай облысының прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлерінің конституциялық құқығы бұзылғанын анықтады. Мұғалімдерге іссапар шығындары және зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін кепілдендірілген өтемақы төленбеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, жұмыстан босату туралы бұйрықтарда еңбек шарты зейнеткерлік жасқа толуына байланысты емес, тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің өтініші бойынша бұзылғаны көрсетілген. Барлығы 350 қызметкерге 38 млн теңгеден астам өтемақы төленбеген. Сонымен қатар білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарының төлемеген.
"185 млн теңгеден артық шығыны төленбеген, осылайша Конституциялық құқығы бұзылған 1,8 мыңнан астам педагог анықталды. Қадағалау актілері бойынша 60 млн теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілген 405 мұғалімнің құқығы қорғалды. Қалған қызметкерлерге төлем жақын арада төленеді", - делінген хабарламада.
Қостанай облысының прокуратурасы білім беру саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалап, анықталған бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Бұл мұғалімдердің құқығын қорғауға және "Заң және тәртіп" қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2219397-qostanai-oblysynda-mugalimderge-issapar-shygyndary-men-zeinet-zhasyna-zhetkende-beriletin-otemaqy-tolenbegen/